Қант диабетінің алғашқы белгілері: неге назар аудару керек

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде 400 миллионнан астам адам қант диабетімен ауырады. Ресейде бұл ауру бойынша мшамамен 10,5 миллион адамға диагноз қойылды, яғни, шамамен әрбір 15-іде.  Сондықтан әр адам уақытында әрекет ету және емдеуді бастау үшін қант диабетінің белгілерін білуі керек.

Ессентукидің «Қазақстан» шипажайының дәрігерлері өз ағзаңызды тыңдауға және мезгіл-мезгіл зертханада тест тапсыруға, дәрігерге үнемі баруға кеңес береді. Тұрақты скрининг жағдайында, сондай-ақ емдеуші дәрігердің барлық ұсынымдарын сақтаған жағдайда, пациент қант диабетін уақтылы анықтап, терапияны уақытында бастайды.

Қант диабетінің алғашқы белгілеріне «Қазақстан» шипажайының дәрігерлері мыналарды жатқызады:

  • Ауыздың құрғауы және шөлдеудің жоғарылауы
  • Шамадан тыс шаршау және шамадан тыс ұйқышылдық
  • Бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет спазмы, шаншу және аяқ-қолдардағы сезімталдықтың жоғалуы
  • Жиі зәр шығару
  • Көру проблемалары (көз ауруларының тез дамуы)
  • Денедегі жазылмайтын жаралар
  • Кұрғақ тері

Осы немесе ұқсас белгілермен эндокринологқа жүгіне\у керек.

Қант диабеті диагнозы жағымсыз тосынсый болуы мүмкін, бірақ бұл үкім емес, үйренуге болатын басқа өмір салты. Сіз өз жағдайыңызды қабылдаңыз, тамақтану режимінің бұзылуының ықтимал салдарын түсініңіз, күнделікті өміріңізге белгілі бір түзетулер енгізіңіз.