Халықаралық тіс дәрігері күні

Бүгін, 6 наурызда көптеген елдерде Халықаралық тіс дәрігері күні атап өтіледі. Бұл мерекеде біздің жымиюымыздың саулығы мен сұлулығына қамқорлық жасайтындарға алғыс айту қалыптасқан. Алайда, тіс денсаулығы — бұл пациент пен дәрігердің бірлескен жұмысы.

Асқазан-ішек жолдарының көптеген проблемалары стоматологиядан басталатыны белгілі. Шипажай жағдайында демалу мен тістеріңізге күтім жасауды біріктіру мүмкін! Сондықтан «Қазақстан» шипажайындағы шипажайлық-курорттық емдеу бағдарламаларына стоматолог-дәрігердің консультациялары енгізілген. Сауықтырудағы кешенді тәсіл өз нәтижелерімен таң қалдыруға қабілетті.

Біз «Қазақстан» шипажайының дәрігері Гаджимурад Багатыровқа «Тіс дсаулығын қалай сақтау керек?» деген ұсынымдар алуға жүгіндік.

Сіздермен оның кеңестерімен бөлісейік:

  • Ауыз қуысының дұрыс күтімі күнделікті тістеріңізді күніне екі рет тазалаудан басталады, әр тазалаудың ұзақтығы кемінде 2 минут болуы керек.
  • Тамақтанғаннан кейін тіс шайғыш мен тіс жіптерін қолдануды назардан тыс қалдырмаңыз.
  • Шырышты қабықтар да үнемі тазалауды қажет етеді: жақ пен тілдің ішкі беті.
  • Тұтынылатын тәтті тағам мөлшерін азайтыңыз.
  • Жаман әдеттерден бас тарту қажет: темекі шегу, алкоголь және кофені шамадан тыс тұтыну.
  • Үнемі, жылына кемінде 1 рет дәрігерге профилактикалық тексерумен бару.
  • Дәрігерге барған кезде ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жүргізу. Оны жүргізу кезінде тіс қағы алынып тасталады, бұл ауруларды ерте диагностикалауға мүмкіндік береді.