Көктем – сұлулығыңызға уақыт бөлетін кез

Заманауи өмір ырғағында өзіңізге уақыт бөлу қиын. Бірақ сонымен бірге, өзіңізге күтім жасау күнделікті күйзеліспен күресудің және жаңа жетістіктерге күш табудың қарапайым және тиімді әдісі болуы мүмкін.

Көктем мезгілі — табиғаттың ояну, тіршіліктің жандану, денсаулығыңыз бен сұлулығыңызға қамқорлық жасау уақыты.

«Қазақстан» шипажайында көктемде, жазда және кез келген маусымда тартымды болуға көмектесетін SPA-рәсімдер курсынан өтуге болады.

Ол үшін бізде ревитализация бойынша арнайы бағдарлама — көп сатылы орау бар. Оған мыналар кіреді:

  • Кәсіби косметиканы қолдана отырып скраб жасау
  • Денеге косметикалық маска — орауды қолдану
  • Thermo Spa Массаж төсегіндегі релакс сеансы
  • Целлюлитке қарсы кремді қолданумен соңғы күтім

Мұның бәрі целлюлитке қарсы әсерге ие, теріні жасартады, сонымен қатар көңіл-күйді жақсартады, релаксация береді.