Шипажай қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қосылды

Экологиялық акцияның қорытындысы бойынша шипажай ұжымы іргелес аумақтың шамамен 300 м2 ретке келтірді. 60 қап құрғақ жапырақтар, бұтақтар мен қоқыстар жиналды.

Қалалық сенбіліктерге қатысу — «Қазақстан» шипажайы жыл сайын көктем мен күз мезгілінде қолдайтын дәстүр. Шипажай курорттық аймақта орналасқан — мұндағы тазалық пен тәртіп тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, қала қонақтарының да көзін қуантады.

Іс-шара Жерді қорғау күні халықаралық мерекесінде өткені символикалық болып отыр.