«Қазақстан» шипажайы тұлғалары.

Сізді «Қазақстан» шипажайының бас мейірбикесі Платонова Юлия Николаевнамен таныстырғымыз келеді.
2012 жылы 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі мен «Мейірбике ісі» дипломы және «Мейірбике ісін ұйымдастыру» жоғарғы санатымен «Қазақстан» шипажайына келді. Бірден шипажайдың бас мейірбикесі лауазымына кіріскен оның мейірбике ісін ұйымдастыру бойынша жаңа ойлары мен жоспары болды, оларды кейінірек ол өзінің кәсіби қызметіне енгізді.
Мейірбике-басшының қызметіндегі өнер мен ғылыми тұрғы персонал және пациенттермен қатынастан, мейірбике процесін тиімді қалыптастырудан, қызметкерлердің кәсіби өсуін дұрыс ұйымдастырудан көрінеді. Мейірбике-басшылар көп жағдайда тәрбиеші педагогтың да жұмысын атқарады. Бұл жағдайда мейірбике педагогикалық қабілеттерді, мейірбике ғылымын кәсіби жеткізуді, қарым-қатынас мәдениетін және жоғары шығармашылық әлеуетті меңгеруі тиіс.
Жұмыстағы жоғарғы кәсібилігі және демалушыларға мұқият қатынасы үшін шипажай басшылығы бірнеше рет Юлия Николаевнаға алғыс білдірді, Қазақстан Ресубликасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығынығ грамоталары мен наградаларын табыстады.