Халықаралық физиотерапия күнімен!

8 қыркүйекте медицинаның ең көне бағыттарының бірі — физиотерапия күні атап өтіледі.

«Қазақстан» шипажайында біз физиотерапияның әртүрлі әдістерін: электрофорез, магнитотерапия, лазерлік терапия, электростатикалық импульстармен әсер ету және т. б. қолданамыз.

Бүгін біз сізге лимфопрессотерапия туралы айтқымыз келеді. Бұл француздық STARVAC компаниясының «Pulstar PSX» аппараты арқылы жасалатын аппараттық массаждың бір түрі.

Лимфопрессотерапия бастапқыда варикозды емдеу үшін жасалған болатын. Процедура кезінде науқасқа арнайы манжеттер қойылады, оларға ауа сорылады, қысым жасайды және лимфа мен қанның ағымын ынталандырады.

Лимфопрессотерапия:

  • варикозда,
  • аяқтардағы ісіну, ауырсыну және ауырлықта,
  • вегето-тамыр дистониясында,
  • жүйке бұзылуларында,
  • бұлшықет спазмдарында тиімді.

Сессия 30 минутқа созылады. Емдеу курсы — дәрігердің нұсқауы бойынша.

Бұл процедура, басқа медициналық қызметтер сияқты, қарсы көрсетілімдерге ие және емдеуші дәрігермен алдын-ала кеңескеннен кейін ғана тағайындалуы мүмкін.