Респираторлық ауырулар профилактикасы

Күз өз құқығына еніп үлгермей-ақ, ағза қыстың жақындағанын сезе бастайды. Шуақты күндер азаяды, және біз маусымдық көңілсіздікке бой алдырамыз, сөйтіп, осы арқылы респираторлық ауырулар құрбаны болу қауіпі ұлғаяды. Алайда, торығудың қажеті жоқ, өйткені жақсы көңіл-күй сыйлайтын және денсаулықты сақтайтын уақыт елегінен өткен құралдар бар.
Газдалған жолдардан алыс орналасқан таза ауада болу, таңертеңгі гимнастика, шынығу ағзаны тонусында ұстауға көмектеседі. Есте сақтаңыз, жақсы физикалық форма – денсаулық кепілі.
Дұрыс рацион адамды барлық қажет дәрумендер және микроэлементтермен қамтамасыз етеді, мұның иммунитетке жағымды әсері бар. Күз түсе адам ағзасы А және С дәрумендерінің тапшылығын сезінеді. С дәрумені тапшылығы инфекциялық ауыруларға қарсы тұруды төмендетеі, ал оңалту кезеңінің уақыты созылады.
Ұйқы — күшті қалпына келтірудің тамаша құралы, сондықтан оған жеткілікті уақыт бөлу маңызды. Психологиялық бәсеңдеу, оптимистік көңіл-күй және жүзіңізде күлкі болуы әрқашан тамаша формада болуға және ағзаның қрғаныс функцияларын арттыруға көмектеседі.
Ең бастысы, респираторлық вирустық ауырулардың профилактикасы үшін – қол және үстіңгі қабаттар тазалығын сақтауды есте ұстау қажет.
Сондай-ақ жуылмаған қолмен ауызды, мұрынды немесе көзді қстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай жанасуды біз сағатын 15 рет аңдаусыз жасаймыз).
Кезе келген жағдайда қолыңызды тазарта алу үшін, өзіңізбен бірге дезинфекциялайтын құралды алып жүріңіз.