«Қазақстан» шипажайындағы Балалар клубы

Шипажай аумағында заманауи ойын және мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған кең балалар клубы жұмыс істейді. Мұнда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Клубты ресімдеуде бірегей шығыс жайлылығын қалыптастыратын ұлттық қазақ стилінің элементтері пайдаланылды. Балалар клубындағы бағаналар мен перделер қазақтың ерекше ою-өрнектерімен безендірілген, қабырғалары қазақ пейзаждары мен ұлттық киімдегі балалар бейнеленген фото тұсқағаздармен безендірілген. Жылдам қимылды ойындарды өткізу үшін клубта жартылай түрдегі киіз үй және асық түріндегі көлемді құрылымдар орнатылды.

Балалар клубына 3 жастан бастап балалар қабылданады. Бала күтімін тәжірибелі тәрбиеші жүзеге асырады.

«Қазақстан» шипажайында әрқашан да сіздің балаңыз айналысатын іс табылады!