«Қазақстан» шипажайындағы бильярд турнирі: Башқұртстаннан келген қонақтың жеңісі
15-16 сәуір аралығында «Қазақстан» шипажайында бильярд бойынша турнир өтті, онда шипажай демалушылары мен көрші шипажайлардан қонақтар жиналды.

Бастапқыда жеңімпазды бірінші күні анықтау жоспарланған болатын, бірақ қарсыластардың қарқынды күресі мен шеберлігі бұған жол бермеді — финал 16 сәуірге ауыстырылды. Шешуші партияда «Қазақстан» шипажайының демалушысы — Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Борис Мидхатович Гузаиров ең мықты болы шықты.

Жүлдегерлер брендтік кәдесыйлар алды, ал барлық қатысушылар мен көрермендер — жарқын эмоциялар мен тамаша көңіл-күй теңізіне ие болды. «Қазақстан» шипажайы барлық адамдарға қатысқаны үшін алғыс білдіреді және бұдан әрі де қонақтарды қызықты оқиғалармен қуантатын болады.



