1 желтоқсан – Халықаралық невролог күні

Қыстың бірінші күнінде неврологтар — жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыратын дәрігерлер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары — «Қазақстан» шипажайының емдеу бейіндерінің бірі. Біздің мамандар әзірлеген бағдарламалар аурулардың симптоматикалық көріністерін азайтуға және жоюға, жүйке бұзылыстарынан кейін оңалтуға, стрессті жеңуге, психиканың қорғаныс мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан» шипажайында неврологиялық ауруларды емдеу бальнеотерапия, аэрофитотерапия, физиотерапия, дәрі-дәрмек терапиясы, сондай-ақ емдік дене шынықтыру және климатотерапия әдістерінің кешенін қолдануды көздейді.

Бүгін біз сізге аэрофитотерапия туралы айтқымыз келеді.

Аэрофитотерапия — бұл емдеу жайының атмосферасында эфир майларының буларының дозаланған концентрациясын құру. Процедуралар курсынан өту нәтижесінде:

  • жүйке жүйесінің қызметі қалыпқа келеді;
  • шаршау кетеді;
  • эмоционалды тепе-теңдік қалпына келеді;
  • ұйқы жақсарады.

Біздің аэрофитотерапия кабинетіміз қазақ стилінің элементтері бар ашық түстермен безендірілген, ал бейбіт атмосфераны құру үшін заманауи дыбыстық жабдықтар мен жарықдиодты жарықтандыру пайдаланылады.

Бөлмеде заманауи эргономикалық креслолар орнатылған, олар процедуралар кезінде жайлылық деңгейін арттырады. Әр сеанс жағымды, босаңсытатын музыкамен бірге жүреді.

«Қазақста» шипажайымен бірге шаршау мен ашуланшақтықтан арылыңыз.