"Қазақстан" шипажайында жүрек - тамыр жүйесі ауруларын емдеу
Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайында жүрек және тамыр ауыруларының терапиясы барысында курорттық өңірдің бірегей табиғи факторларын пайлалануға негізделген кешенді тұрғы қолданылады. Жұмыста жүрек-тамыр жүйесін емдеудің ғылыми негізделген және уақыт елегінен өткізілген әдістері пайдаланылады.
Жүрек-тамыр жүйесі патологияарын терапиясының бағдарламасы мыналардан тұрады:
- Алғашқы қабылдау, консультация жүргізу және әрі қарай дәрігер-курортологтың шипайжайдағы барлық демалыс уақытына ілесе бақылауы.
- Кардиологтың қабылдауы және консультациясы, нәтижелері бойынша маман шипажай жағдайында нақты ем тағайындайды және әрі қарай емделу үшін ұсынымдар береді.
- Диетолог, физиотерапевт, гирудотерапевт, медициналық психолог секілді мамандардың консультациясы .
Демалушыға емдеу бағдарламасын жасау алдында демалушыға бірқатар диагностикалық процедуралардан, оның ішінде зертханалық және аспаптық зерттеулерден өту қажет.
Зертханалық әдістерге жататыны:
- Қан талдауы (биохимиялық және клиникалық).
- ИФА-диагностика.
- Зәрдің клиникалық талдауы.
Аспаптық әдістерді қолдануға жататыны:
- Электрокардиография, реографиялық зерттеулер (РВГ, РЭГ) және әрі қарай нәтижелердің мәнін ашу.
- Жүректың, бас миы тамырларының УДЗ.
- Аяқ-қол амырларының УДЗ.
- ЭКГ тәуілктік мониторлау.