Біз ашылдық!

Құрметті қонақтар! «Қазақстан» шипажайы Сіздермен кездесу үшін өз есігін айқра ашты!

Сіздің шипажайымыздағы демалысыңыз толық қауіпсіз және  жайлы болуы үшін біз Роспотребнадзордың ұсыныстарына сәйкес, барлық қажет шараларды қабылдадық. Біз ең маңызды сәттерді атап өтеміз және Сізге олармен танысуды ұсынамыз.

Кіру үшін қажет құжаттар:

Флюорографиялық зерттеу (072/у есептік нысаны) міндетті көрсетілген шипажайлық-курорттық карта.

Кетер алдында үш күннен кешіктірілмей медициналық ұйым берген Covid-19 – бен науқастармен осының алдында 14 күн ішінде контактың жоқтығы туралы анықтама немесе құжаттар пакетіндегі белгі.

Жеке тұлғасын растайтын құжат.

Қауіпсіздік:

Кіру барысында контактсыз  термометрия жүргізіледі. Әрі қарай ол тәулігіне 1 реттен сирек емес жүргізіледі.

Шипажай жайларында тері антисептиктары бар дозаторлар орналастырылған, барлық  контакт беттері, қонақ және жұмыс аймақтары бактерицидтік құралдармен зарасыздандырылады.

Ортақ пайдаланудың барлық жайларында бактерицидтік сәулелендіргіш пайдаланылады – ол адам үшін қауіпсіз, бактериялар мен вирустар үшін қатерлі.

Біз қорғаныс экрандарын орналастырдық және ресепшн, медициналық тіркеу, фито-бар және лобби-бар аймақтарында 1,5 – 2 метр физикалық арақатынасты сақтауға мүмкіндік беретін таңбалау жасалды.

Шипажай аумағында қонақтар үшін қосымша ақыға жеке қорғаныс құралдарын (маска және перчаткалар) сатып алу үшін мүмкіндік жасалған. Шипажай аумағы дезинфекция құралдарымен: орындықтар, кіру аймақтары, сыртқы есіктер, тұтқалар мен қоқыс салғыштар, балалар алаңы зарарсыздандырылады.

Орналастыру:

Демалушыларды номерге орналастыру 1-2 адамнан (бір отбасының мүшелерін қоспағанда) артық емес жүргізіледі.

Номерлерде күн сайын Роспотребнадзордың ұсыныстарына сәйкес, ағымдағы жинау жүргізіледі.

Медициналық қызметтер:

Сіз кезекте күтуден, және, сәйкесінше өзге қонақтармен контактардан тыс болуыңыз үшін медициналық қызметтер алдын ала жазба/емдік процедуралар көрсету кестесі бойынша көрсетілетін болады.  Жолдама құнына кіретін медициналық қызметтер толық көлемде көрсетіледі.

Тамақтану:

Шипажайда қонақтардың тамақтануы түскі ас залында әлеуметтік дистанциялау принциптері міндетті сақтала отырып, іске асырылады. Отырғызу – бір отбасы (ілесіп келгендер) бір стол басына орналастырылады. Бір стол басына бір-бірі үшін бөтен адамдардың бірге жайғастырылуына жол берілмейді.

Қызметкерлер:

Біз жаңа дресс-кодты сақтаймыз: медициналық маскалар мен перчаткалар. Біз күн сайын медициналық бақылаудан өтеміз және кезең-кезеңмен COVID-19-ға зертханалық зерттеулерден өтіп тұратын боламыз.

Сіздерді сауықтыру демалысына күтеміз!