Заманауи косметология әйелдерге терінің жастығы мен әдемілігін хирургиялық араласусыз қайтаруға қабілетті әр түрлі көптеген әдістерден тұрады.
«Қазақстан» шипажайының косметологиялық кабинетінде Сізге рсындай әдістің бірі – хиромассажды ұсынады.
Хиромассаж немесе испан массажы — танымал испан дәрігері Энрике Кастеллс Гарсияның авторлық әдісі, ол өз бойына шығыс және батыс тәсілдерін, йога білімі мен аюраведтік медицинаны жинақтаған бірегей әдістің негізін құрушы.
Бет хиромассажының тиімділігі сондай, ол пластикалық хирургияны табысты алмастыра алады, өйткені ол бет терісіне ықпал ететін ғажайып қасеиттерге ие. Мұны сеанс барысында массажистің бетте орналасқан энергетикалық маңызды нүктелерге әсер ететінімен түсіндіруге болады. Осының салдарынан терең бұлшықтық босаңсу мен тері жабындысының жасаруына жауапты барлық процестердің белсендірілуі жүреді.
Нәтижесінде бет контуры едәуір тартылады, артық сұйық шығарылады, көз астындағы шеңберлер жойылады, тері тазарады, эластикалы және серпінді болады. Сондай-ақ тамырлы тор жойылады, терінің майлылығы қалыптылыққа түседі, мимкалық әжімдер тегістеледі.
Біздің шипажайдың білікті косметологының косметологиялық қызметтер саласында мол тәжірибесі және Сіздің теңдессіз көрінуіңіз үшін қажет барлық жағдайлар бар!
Жазылу: 8(879 34) 99 367 телефоны бойынша.