«Салауатты жүрек – белсенді өмір» мini check-up бағдарламасы
Дененің барлық мүшелері мен жүйелерінің денсаулығы жүрек пен қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына қауіп факторлары мен генетикалық бейімділік болған кезде үнемі тексеруден өту маңызды.
«Қазақстан» шипажайында жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясын уақтылы анықтау үшін «Ссалауатты жүрек – белсенді өмір» check-up бағдарламасы жүргізіледі.
Диагностикалық экспресс-бағдарлама мыналарды қамтиды:
- Клиникалық қан анализі.
- Биохимиялық қан анализі.
- Электрокардиография (ЭКГ).
- Доплерлік қан ағымының анализі бар эхокардиография.
«Қазақстан» шипажайында Check-up диагностикасы 2-3 күнде жүргізіледі. Нәтижелердің дәлдігі заманауи медициналық жабдықтармен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етіледі.
Диагностика негізінде кардиолог денсаулық жағдайы туралы кешенді қорытынды жасайды, өмір салтына қатысты ұсыныстар береді, қажет болған жағдайда жеке іске асыру бағдарламасын таңдайды.
Check-up бағдарламалары туралы толығырақ 8 (87934) 993-67 телефоны бойынша шипажайдың медтіркеуінен білуге болады.