«Жер сағаты» экологиялық акциясына қосылуға шақырамыз!

«Қазақстан» шипажайы «Жер сағаты» экологиялық акциясын қолдауға шақырады! Ол үшін бар болғаны 1 сағат шамды өшіру жеткілікті.

Ғаламшарға деген құрмет пен қоршаған ортаны қорғаудың белгісі ретінде бүгін, 26 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін шипажай ғимаратының сыртқы жарықтандыруын өшіреміз. Сондай-ақ демалыс орнының барлық қонақтарын бөлмелердегі жарықты бір уақытта өшіру арқылы «Жер сағаты» акциясына қосылуға шақырамыз. Акция ерікті.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қолдауымен «Жер сағаты» экологиялық акциясы 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. 2 жылдан кейін әлемдегі ең ауқымды экологиялық акцияға дос елдер – Қазақстан мен Ресей қосылды.

Өзіңіз де қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосып, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі электр қуатын символикалық түрде өшіретін миллиондаған адамдарға қосыла аласыз.

Жер шарын бірге сақтайық!