Неліктен демалу және емделу үшін Ессентукиді таңдау керек
Әрбір КМВ қаласы минералды сулардың түріне, ландшафт пен микроклиматқа, инфрақұрылымға байланысты өзіндік бірегей ерекшеліктерге ие. Ессентукиге сауықтыру және демалыс үшін келудің бірнеше себептері осы.
Емдік мамандандыру және дамыған медициналық база
Ессентукиде асқазан-ішек жолдары мен метаболизм ауруларын емдеудің ең жақсы жағдкйлары бар. Мұнда ең жаңа медициналық жабдықтар мен арнайы оңалту әдістері бар көптеген мамандандырылған шипажайлар шоғырланған. Жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықтардың арқасында сіздің денсаулығыңыз бен жақсы жағдайыңыз — сенімді қолда екеніне еш шүбәңіз болайды.
Бірегей минералды бұлақтар
Ессентуки кен орнының минералды суларымен емделуге елдің бүкіл түкпір-түкпірінен қонақтар 220 жылдан бері келуде. Олар ванналар мен душтар түрінде сыртқы, сондай-ақ — ингаляция және ішу түрінде ішкі қолдану үшін пайдаланылады. «Ессентуки-4», «Ессентуки-17» және «Ессентуки-Новая» — шипажайда емделу кезінде нақты сізге сәйкес келетін ауыз су режимі мен су түрі тағайындалады.
Бай мәдени-тарихи мұра
Ессентукидегі демалыс сонымен қатар, сізде ғасырлық архитектурамен танысуға, өлкетану мұражайындағы көрмелерге баруға, спектакльдер мен концерттерге қатысуға, қаланың мәдени-ойын-сауық іс-шараларына қатысуға мүмкіндік болуымен керемет.
Тыныш және жайландыратын атмосфера
Қала: тыныш саябақтарда серуендеу, тиіндерді тамақтандыру, құстардың әнін тыңдау, таза ауамен тыныс алу, естелік суретке түсіру, субұрқақтардың дыбыстарынан ләззат алу және ешқайда асықпау секілді жайлы демалысты қалайтындар үшін өте қолайлы.
Туризм және ашық ауада демалу мүмкіндіктері
Бұл арадан қала маңындағы электричкамен терренкурмен серуендеу, әртүрлі көздерден су татып көру, қаланың үстіндегі арқанмен көтерілу және панорамадан ләззат алу үшін Кисловодск, Пятигорск және Железноводскке оңай жетуге болады. Одан өзге, Солтүстік Кавказдың табиғи көрікті жерлеріне турлар да танымал, онда сіз таулардың керемет пейзаждарын тамашалайсыз, ежелгі архитектура ескерткіштерін көресіз. Белсенді демалысқа әуесқойлар джип-тур маршруттарын, тау парадромдарын, экстремалды саябақтар мен кемпингтерді бағалай алады.
«Қазақстан» шипажайы Ессентуки курорттық аймағындағы ауыз су бюветтері мен саябақтың жанында орналасқан. Жыл сайын біз Ресейден және таяу шет елдерден 5 мыңнан астам қонақты қабылдаймыз. Шипажайда асқазан-ішек жолдары мен зат алмасу аурулары барысындағы, сондай-ақ шипажайдың қосымша емдік профильдері бойынша 40 жылдан астам оңалту тәжірибесі жинақталған. Шипажайдың инфрақұрылымы емдеуді өзіңіз қалаған — жайбарақат немесе белсенді демалыспен біріктіруге мүмкіндік береді.