Дәрігер-диетологпен ашық әңгімелесу
Заманауи әлемде адамдар дұрыс тамақтануды ұймыдастыру проблемасына барған сайын жиі ұшырайды. Дұрыс рацион – ұзақ өмір кепілі екені ешкімге де құпия емес. Алайда, өмірдің қарқынды ритмі және диетология мәселелеріндегі білім деңгейінің төмен болуы, зат алмасудың бұзылуы және артық салмақпен байланысты аурулардың жиіленуіне ықпал етеді, бұл жыл өткен сайын арта түсуде.
Тамақтану барлық ауруларды еммеуде өзекті роль атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған рацион созылмалы аурулардың асқынуын төмендету, қабылданатын дәрілік құралдар мөлшерін төмендету, сондай-ақ кейде мүлде медикаменттер қолданбау мүмкіндігін береді.
Диетология мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру мақстаныда «Қазақстан» шипажайында демалушылар арасында дәрігер-диетологпен ашық әңгімелесулер өткізіледі. Бірнеше рет барғанда сіз өмір салтыңыз бен қосалқы ауруларыңызды ескере отырып, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, күн режимі бойынша толық білім аласыз. Дәрігер-диетолог сізге сапалы өнімдерді таңдап алуды үйретеді, үйде тамақ дайындаудың ең пайдалы және дәмді тәсілдері туралы айтып береді.
Кездесуде тамақтануды ұйымдастыру бойынша кез келген сұраққа жауап алуға болады, сондай-ақ одан кейінгі жеке консультацияларда персоналанған ұсынымдар алуға болады.
Әңгімелесулер шипажайдың киноконцерт залында өткізіледі, ниет білдіргендердің барлығы да қатыса алады.