Маусымаралық уақытта Кавказ Минералды Суларында демалу пайдалы ғана емес, сонымен қатар тиімді

Ерте көктем мен кеш күз — Ессентукиге келудің тамаша уақыты.

КМС-де жылына орта есеппен 250 шуақты күн. Осы және аймақтың географиялық орналасуын ескере отырып, ауа-райы жағымды және ауа температурасы қолайлы болып қалады, жылдың ең суық мезгілінде де күрт өзгеріссіз ыңғайлы болады.

Шипажайда демалу — денсаулықты нығайтудың және қысқа дайындалудың ең жақсы тәсілі. Осы кезеңде иммунитет әлсірейді және қолдауды қажет етеді. Шипажайда қажетті емдеуді жүргізе отырып, бүкіл суық кезеңге сергектік пен белсенділік қуатын алуға болады.

«Қазақстан» шипажайында сауығу үшін ғана емес, демалу үшін де барлығы бар: жылдың кез келген уақытында жұмыс істейтін сәнді жабық бассейн, кең спорт және жаттығу залдары, кітапхана, киноконцерт залы. Барлық корпустар жылы өткелдермен байланысты, бұл біздің қонақтарымызға кез-келген ауа-райында бір жерден екінші жерге ыңғайлы қозғалуға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде сіз процедураларға алаңсыз бара аласыз, курорттық саябақтарда серуендей аласыз, бұлақтың емдік суын іше аласыз, жергілікті көрікті жерлерді көре аласыз. Осының бәрінен «Қазақстан» шипажайында өткізілетін ұмытылмас демалыс қалыптасады.

Қаңтар, ақпан және наурыз айларында демалуды жоспарлап отырған қонақтар үшін «Ерте брондау» бағдарламасы жұмыс істейді, оның көмегімен сіз жолдама құнының 13%-на дейін үнемдей аласыз. Бұл маусымаралық кезеңде шипажайда демалу пайдалы ғана емес, сонымен қатар ұнемді екенін білдіреді.