Ағзаның жай-күйін бірнеше минут ішінде бағалау – Ессентукидің «Қазақстан» шипажайындағы қолжетімді шындық
MS-PRO құрылғысындағы жедел диагностика — бұл 12 жастан асқан адам ағзасының жағдайын бағалаудың заманауи тәсілі.
Ол «Қазақстан» шипажайы қонақтарының алдын алу, бақылау және сауықтыру бойынша емдеуші дәрігердің терапевтік жоспар құруына көмек көрсетуге, жылдам бағалауға арналған.
Бірнеше минут ішінде арнайы қосымшалар жиынтығы бар сенсорлық құрылғы:
- Дене құрамын анықтауға (май, бұлшықет, дене жасушаларының массасы және т. б. көрсеткіштер)
- Органдар мен жүйелер жұмысының тиімділігін бағалауға
- Iшкі органдардың жұмысындағы бұзылулардың немесе ауытқулардың белгілерін ерте кезеңде анықтауға
- Тамақтануды түзету бойынша ұсыныстар беруге
- Биологиялық жасты анықтауға
- Ағзаның бейімделу резервтерін және стресске төзімділігін бағалауға мүмкіндік береді
Зерттеуді амбулаториялық негізде де, жолдама сатып алу кезінде де жасауға болады.