Халықаралық мейірбике күні
12 мамырда Халықаралық мейірбике күні атап өтіледі. Бұл мереке — гуманды мамандықтардың бірінің өкілдеріне тағы да алғыс айтуға және құттықтауға тамаша себеп.
Медбикелер біздің шипажай ұжымының ең үлкен бөлігін құрайды. 11 жылдан бері өз ісінің елуге жуық кәсіпқойларын 30 жылдық кәсіби қызмет өтілі бар бас медбике Юлия Николаевна Платонова басқарады. Шипажай қызметіне қосқан үлесі үшін Юлия Николаевна ҚР ПІБ Медициналық орталығының құрмет наградасына ие болды. Ол әрқашан тәлімгерлерге үлгі болуға тырысады, олардың күнделікті жұмысының маңыздылығын атап көрсетеді:
— Біздің мамандығымыз қаншалықты күрделі болса да, ол қажет. Егер сіз бұл мамандыққа көп ақша алу үшін келсеңіз — бұл Сіздің ісіңіз емес. Сіз бұл мамандыққа адамға игілік әкелу, оның жағдайын жақсарту үшін келесіз. Бұл медбикенің үлкен жауапкершілігі, өйткені тіпті әдеттегі ингаляция егер ол дұрыс жасалмаса, пациентке зиян тигізуі мүмкін. Біз үнемі біліктілігін арттыратын және өз жұмысын білетін медициналық қызметкерлеріміздің жоғары кәсібилігіне сенімдіміз. Біз үшін жұмыстың басты бағасы — қонақтар шипажайға өз үйлері ретінде келетіндерін айтқан кезде.
Көптеген демалушылар «Қазақстан» шипажайына келулері бірінші рет емес. Юлия Николаевна қонақтармен жиі сөйлеседі және олар барлық қызметкерлердің — медбикелердің, әкімшілердің, қызметшілердің, даяшылардың қамқорлығы мен мейірімді қарым-қатынасын сезінетін жерге оралатынын біледі.
Юлия Николаевна Платонова:
«Шипажайлық-курорттық салада жұмыс істейтін медбикелерге әрқашан биі те болудык, мейірімді, күлімсіреп тұруды тілеймін. Біздің өмірімізде бәрі жақсы болуы үшін — осындай жағдайда біз жұмысқада қуанышпен келеміз. Жұмыс біз қайтып оралғымыз келетін екінші үй болсын!».