Халықаралық достық күні
Бүгін бүкіл әлемде 2011 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен белгіленген Достық күні тойлануда. Бұл мерекенің 200-ден астам ұлттар мен түрлі діни конфессиялардың – христиан, ислам, будда, иудаизм өкілдері тұратын Ресей Федерациясы үшін де зор мәні бар.
Қарарда түрлі халықтар арасындағы достық қатынасты нығайту ісіндегі мерекенің маңыздылығы ерекше атап көрсетіледі.
Құжатта “Халықтар, елдер, мәдениеттер мен жеке тұлғалар арасындағы достық бейбітшілікті нығайту жөніндегі күш-жігерге рух береді және түрлі мәдени алуан түрлілікті пір тұтатын қоғамдар арасына көпір салу мүмкіндігін береді», – делінген.
Қымбатты достар, осы тамаша күні сіздерге өздеріңіздің өміріңізде бар адамдармен жақсы қатынасты сақтауды тілейміз. Кез келген жағдайдағы өзара қолдау – онсыз өмір сүру тым қиынға соғатын жағдай. Сондай-ақ сіздердің біздің жанымызда болып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және біздің достығымыз жылдан жылға тек нығая берсін!