Коронавируса қарсы профилактика шаралары

Коронавирустық инфекцияны тарату профилактикасы мақсатында, «Қазақстан» шипажайында мына шаралар қабылдануда:

Демалушыларды алғашқы қабылдау барысында эпид. анамнезді мұқият жинау және вирустық инфекцияның, оның ішінде коронавирустың профилактикасы мен таратылуының алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

 

Демалушыларды орналастыру алдында барлық заттардың үсті дезинфекциялайтын құралдармен мұқият өңделеді.

Жалпылай пайдаланылатын сан. тораптар дезинфекциялайтын құралдар қолданыла отырып, күніне 6 реттен кем емес мұқият жиналады.

Шипажай аумағында дезинфекциялайтын сұйығы бар дозаторлар орнатылған.

Шипажайдың жатын корпусы мен емдеу-диагностикалық бөлімінде коронавирус профилактикасы туралы бейне материалдар таратылады.

Шипажайдың ақпараттық панельдері мен жарнамалық бағандарында коронавирус  профилактикасы  мен симптомдары туралы көрнекі ақпарат орналастырылған.