ЕДШ және таза ауа – СӨС-тің екі маңызды ингредиенті
«Қазақстан» шипажайында емдеудің шипажайлық-курорттық әдістерімен қатар сауықтырудың пәрменді тәсілі — ЕДШ кеңінен қолданылады. Кешеннің негізінде ағзаның негізгі биологиялық қызметі — қозғалыс жатыр. Қозғалыс —өмір екені Ежелгі Грецияда бұрыннан белгілі болған, ал қазіргі ғалымдар ежелгі философ Аристотельдің ой-пікірін дамытып, гиподинамияның толыққанды және сапалы өмір сүру үшін қолайсыз екенін дәлелдеді.
Емдік денешынықтырудың кәсіпқойлар үшін де, салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін де белгілі бір ауруларды емдеуге және жалпы денсаулықты нығайтуға пайдасы күмән тудырмайды. Өйткені, ЕДШ — бүгінде практикалық медицинаның барлық бөлімдерінің қажетті буыны болып табылады.
Емдік денешынықтыру денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында: ортопедия, травматология, неврология, кардиология, пульмонологияда қолданылады…
Таза ауада ЕЛЩ-мен жаттығу одан да тиімді. Көктем осындай пайдалы, ал жақсы ауа-райы жағдайында жағымды демалысқа бейімдейді. «Қазақстан» шипажайында керемет жасыл аймақ бар. Тура осы жерде жапырақты ағаштар мен әдемі гүлдермен қоршалған құстардың әнімен демалушылар жоғары білікті нұсқаушымен емдік гимнастикамен айналысады. Жеке және топтық та сабақтар өткізіледі. Бұл сауықтыру әдісі шипажай пациенттеріне өте танымал, өйткені ол дененің биологиялық жүйелерін іске қосады және қанның тамырлар арқылы қарқынды қозғалуына әкеледі, бұл өз кезегінде тіндерді қоректік компоненттермен және оттегімен қанықтырады. Ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады, назардың шоғырлануы күшейеді, өнімділік жұмыс қабілеттілігі жоғарылайды.