Урологиялық ауруларды емдеу
«Қазақстан» шипажайында урологиялық ауруларды – зәр шығару және несеп-жыныс жүйелері ауруларын емдеудің қуатты емдеу-диагностикалық базасы бар. Терапия инновациялық және уақытпен тексерілген әдістерді қолдануды қамтитын кешенді тәсілге негізделген.
Ұсынылатын емдеу әдістері:
- Минералды сулармен ауызсулық емдеу
- Бальнеотерапия (минералды және дәрілік ванналар, оның ішінде пантокринді ванналар)
- Физиотерапия («Аэлтис-синхро-02», «АИР-У плюс» аппараттарында урологиялық ауруларды кешенді емдеу) және басқалары.
- Балшықпен емдеу (балшық қолдану, ректалды тампондар)
- Озондық терапия
- Рефлекстік терапия
- Гирудотерапия
- Емдік физкультура
Емдеуді тағайындамас бұрын демалушыға бірқатар диагностикалық процедуралардан, оның ішінде зертханалық және аспаптық зерттеулерден өту керек.
Зертханалық әдістер:
- Қан талдаулары (биохимиялық және клиникалық).
- Зәрдің клиникалық талдауы.
- ИФА-диагностика (ПСА)
- Қуық асты безінің секрециясын зерттеу.
Аспаптық әдістер:
- Электрокардиография және функционалдық диагностика дәрігерінің әрі қарай нәтижелердің мәнін ашуы;
- Бүйрек, қуық, қуықасты безі, жыныс мүшелерінің УДЗ.
Қарсы көрсетілімдер:
«Курорттық емдеуге медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдердің тізімін бекіту туралы» Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің 07.06.2018 жылғы № 321н бұйрығына сәйкес, шипажайлық-курорттыұ емделуше жолдама берудің жалпы қарсы көрсетілімдері.
арлық аурулар тұрақты ремсиссия жағдайында болуы керек.
Консультацияға жазылу: 8(879 34) 99 367 телефоны бойынша.