Коронавирус, бұл не және одан қалай қорғануға болады?
Қытайда белгісіз вирус пайда болды. Ол туындатқан пневмония қазірдің өзінде 40-тан астам адамның өмірін алып кетті. Олардың барлығы дерлік қытайлық Ухань қаласында тұрған адамдар, бірақ зарарлылар басқа елдерде де бар.
Коронавирус — бұл ЖРВИ немесе грипп сияқты әдетті вирус. Оның 40-қа жуық түрі бар, олардың кейбірі ғана адамдардың ауыруын туындатады: қарапайым суық тиюден бастап, күрделі тыныс жолдары ауыруларына дейін. Жаңа коронавирус 2019-nCoV алдыңғы нұсқалардан мутацияланған, сөйтіп жануарлардан адамдарға көшкен. Ол өлімге әкеп соқтыруы мүмкін атипиялық пневмония туындатады.
Өзіңізді вирустан сақтаудың кез келген грипп немесе ЖРВИ барысындағыдай қарапайым ережелері бар: міндетті түрде қол жуу, ауырулармен қатынаста болмау, гигиенаны сақтау, жайларды жинау және желдету, таза ауада көбірек болу, адамдар жиналған орындарда – азырақ болу қажет.