Виши душы
Виши душы — бұл сіз «Қазақстан» шипажайының емдеу-диагностикалық бөлімінде ала алатын процедуралардың бірі.
Көптеген адамдар бұл процедураны нағыз «жастықтың көзі» деп есептейді. Өз атауын ол Францияның сауықтыру курорттарының бірінің құрметіне алған.
Мәні бойынша, бұл душ гидромассаж түрлерінің бірі болып табылады. Баршаға мәлім, мұндай процедура қан айналымына жағымды ықпал етеді, бұл тері жабындысының серпінділігін арттыруды ынталандырады. Сондай-ақ ол лимфа циркуляциясы мен ішкі органдардың жұмысын жақсартады. Судың көптеген ағыстары акупунктуралық массажды іске асырады, маңызды нүктелерді ынталандырады.
Сондай-ақ Виши душы босаңсытатын әсер береді, су ағыстарымен денеде жасалатын ионизация көмегімен жүйке жүйесінің қалпына келуіне ықпал етеді. Жағымды температура жеңіл массажбен бірлестіке тітіркену мен шаршаудан арылуды қамтамасыз Жақсарған қан айналымы оттегінің көп мөлшерінің ішкі органдарға түсуін қамамаыз етеді.
Виши душын целлюлит және артық салмақ жағдайында, кейбір асқазан-ішек траты ауруларында, бас аурулары мен сақина ауруында, невроздарда, стрессте және созылмалы шаршау синдромы жағдайында, сондай-ақ тамырдың қаьыну процестері жағдайында жиі қолданады. Қарсы көрсетілімдерге келсек, бұл, бірінші кезекте, онкологиялық ауырулар, жүрек-тамыр жүйесі ауыруларының ауыр формалары, қан ағыстылыққа бейімділік, гидротерапияның кез келген түріне аллергиялық реакциялар. Сондай-ақ процедрадар жүктілік кезеңінде өту ұсынылмайды.
Консультация алу және процедураға жазылуды сіз біздің мамандарымыздан 8(879 34) 99 367 телефоны бойынша ала аласыз.