Бос уақыт: балалар клубы балалармен демалудың артықшылығы ретінде

Барған сайын «Қазақстан» шипажайы бүкіл отбасымен демалу үшін жиі таңдалады: ата-аналары балаларымен, ата-әжелері немерелерімен бірге келеді. Бізде балалармен жайлы демалу үшін барлық жағдай жасалған.

Ересектер процедураларды жайлы қабылдауы үшін шипажайда кең Балалар клубы жұмыс істейді. Ол заманауи ойын бөлмесімен және мультимедиялық жабдықтармен толтырылған. Мұнда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет нәрсенің бәрі бар, логикалық және жылдамдықты ойындар қарастырылған. Клубта балалардың бос уақытын өткізу үшін: конструкторлар, құралдар жинақтары, ыдыс-аяқтар, текшелер, пазлдар, әртүрлі көлемдегі автомобильдер, көкөністер мен жемістер жиынтығы, бояу беттері, үстел футболы мен хоккей, шағын боулинг және т.б. қолданылады.

Клубтың дизайнында бірегей шығыс жайлылығын қалыптастыратын ұлттық қазақ стилінің элементтері пайдаланылған. Үй-жайда бағаналар мен жалюздер қазақтың ерекше ою-өрнектерімен безендірілген, қабырғалары қазақ пейзаждары мен ұлттық киімдегі балалар бейнеленген фото тұсқағаздармен безендірілген. Жылжымалы ойындар үшін бөлмеде көлемді құрылғы -жартылай киіз-үй орналастырылған.

Балалар клубына балалар 3 жастан бастап қабылданады. Бала күтімін тәжірибелі аниматор жүзеге асырады. 3 жасқа дейінгі балалар клубта ата-аналарымен бірге бос уақыттарын көңілді өткізе алады.

«Қазақстан» шипажайында сіздің балаңызда әрқашан да айналысатын іс бар!