Шипажайдың туған күні!
Достар! Бүгін бізде үлкен мереке — «Қазақстан» шипажайының Туған күні!
Міне, 44 жыл бойы кәсібилер командасы қолайлылық пен демалыс атмосферасын жасап келеді.
Осы жылдар ішінде біз таңдаулы ресейлік шипажайлар дәстүріндегі бай жұмыс тәжірибесін жинақтадық.
Шипажайдың бүгінгі күні туралы әңгімелемес бұрын, оның қалыптасуы мен дамуын еске түсірген орынды болады.
1971 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасы Президиумы Қаулысымен шипажайдың 200 орындық негізгі ғимаратының ауқымды құрылысы басталды. Осымен бір мезетте емдеу корпусы, бассейн және жатын корпус салынды. Құрылыс бригадалары Қазақстан Республикасынан жіберілді.
1976 жылғы 27 желтоқсанда құрылыс аяқталды, ал 1977 жылғы 5 сәуірде демалушылардың алғашқы кіруі болды. Емдеу корпусында биохимиялық зертхана, ванна бөлімі, танымал Тамбукан балшығы пайдаланылатын балшық емханасы, функционалдық диагностика, физиотерапия, электр сәулесімен емдеу, емдік физкультура кабинеттері болды.
Ерекше конструкциялы емдік жүзу бассейні жалпы қызығушылық туындатты. Бүгінгі күннің өзінде ол қазақ киіз үйін еске салатын батыл инженерлік шешім болып табылады.
Географиялық орналасуы мен климатының бірегей үйлесімі, сондай-ақ дәрігерлердің жоғарғы кәсібилігі «Қазақстан» шипажайын аса танымал етті.
2008 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша шипажайдың толық қайта құрылуы мен жаңартылуы жүргізілді, ол 2012 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды.
Бүгінгі күні «Қазақстан» шипажайы — бұл заманауи шетелдік медициналық жабдықпен жасақталған қуатты емдеу-диагностикалық кешен, онда жоғары сапалы қызметтер ұсынылады. Біз демалушыларды тек Ресейден ғана емес, басқа да елдерден тартып отырған көп бейінді және жыл бойғы сауықтыру шипажайы болып табыламыз.
Шипажай ұжымын, біздің тұрақты және болашақ қонақтарымызды, серіктестерімізді, оның гүлденуіне бүкіл күш-жігерін жұмсап отырған адамдардың барлығын құттықтаймыз!
Біз «Қазақстан» шипажайында әрқашан да мерекелік көңіл-күй болуы және біздің Қонақтарымыз сүйіспеншілік пен қамқорлық сезінулері үшін барлық жағдайды жасаймыз.