Қазақстан Республикасы iс Басқарушысының орынбасары бастаған делегация жұмыс сапарымен «Қазақстан» шипажайында болды
ҚР ПІБ орынбасары Маржан Әкімжанова басқарған делегация сапар шеңберінде «Қазақстан» көпбейінді емдеу-сауықтыру орталығының қызметімен танысты.
Жоғары қонақтар шипажайдың инфрақұрылымының нысандарын, емдеу және сауықтырудың алдыңғы қатарлы әдістемелерін бағалады, шипажайдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті.
Сондай-ақ делегация құрамына Қазақстан Республикасы Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, «Оқжетпес» ЕСК” АҚ Президенті Яков Стерлигов, ҚР ПІБ Орталық аппаратының Кадрлар юөлімінің басшысы Ербол Адаев кірді.
ҚР ПІБ өкілдері сапар барысында шипажайдың емдеу корпусына, нөмірлік қорға, балалар бөлмесіне, ойын-сауық аймағына, спорттық-сауықтыру кешеніне барды.
Аэрофитотерапия және жылу балшықпен емдеу кабинеттері, спелеокамера, киіз үй түріндегі бірегей бассейн ерекше қызығушылық тудырды.
Делегация мүшелері шипажайлық-курорттық емдеу мен сервистің жоғары деңгейін, шипажай қонақтары үшін құрылған қонақжайлылықтың ерекше атмосферасын атап өтіп, емдеу-оңалту және сауықтыру іс-шараларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берді.