25 қазан – Қазақстан Республикасының Күні
Қазақстанның барлық азаматтары мен шипаажй қонақтарын осы тамаша күнмен құттықтауға асығамыз!
Біздің шипажайда Қазақстан Республикасынан демалушылардың саны жылдан жылға артып келеді деп мақтанышпен айта аламыз. Мәселен, 2023 жылдың 9 айында біз ҚР 703 азаматын шипажайлық-курорттық емдеуге қабылдадық.
Республика Күні — Қазақстанның ұлттық мерекесі. Оның тамыры 1990 жылы, мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған кезде басталады. Осы декларацияның негізінде оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ этносының және Қазақстанның басқа да этностарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлігін нығайту жарияланды.
Бұл күні мемлекеттік егемендіктің рәміздері — Елтаңба, Ту, Әнұран, ұлттық валюта да бекітілді.
Осы күні елде ауқымды фестивальдар, концерттер, бұқаралық спорттық жарыстар өткізу әдетке айналған. Бұл күні еліміздің Мемлекеттік туының мерекелік көтерілуі мен Гимнінің жаппай орындалуы ерекше ықыласпен өтуде. «Қазақстан» шипажайы аумақтығ жағынан Ессентуки қаласында орналаса отырып, Республика тұрғындары үшін маңызды күнді мерекелеуге қосылады.