"Қазақстан" шипажайында урологиялық ауруларды емдеу

«Қазақстан»  шипажайында  несеп-жыныс жүйесін емдеу үшін арнайы әдістер мен бағдапламалар әзірленген. Терапия негізінде  – инновациялық және уақыт елегінен өткізілген әдістерден тұратын кешенді тұрғы бар.

«Қазақстан»  шипажайында  урологиялық бұзылушылықтарды емдеу мынадан тұрады:

  • Алғашқы қабылдау, консультация жүргізу және әрі қарай дәрігер-курортологтың шипайжайдағы барлық демалыс уақытына ілесе бақылауы.
  • Урологтың қабылдауы және консультациясы, нәтижелері бойынша маман шипажай жағдайында нақты ем тағайындайды және үйде қолданылатын ұсынымдар береді.
  • Диетолог, физиотерапевт, гирудотерапевт, медициналық психолог секілді мамандардың консультациясы .
  • Демалушыға емдеу бағдарламасын жасау алдында демалушыға бірқатар диагностикалық процедуралардан, оның ішінде зертханалық және аспаптық зерттеулерден өту қажет.

Зертханалық әдістерге жататыны:

  • Қан талдауы (биохимиялық және клиникалық).
  • ИФА-диагностика.
  • Зәрдің клиникалық талдауы.

Аспаптық әдістер мыналардан тұрады:

  • Электрокардиография  және әрі қарай функционалдық диасгностика дәрігерінің нәтижелердің мәнін ашуы.
  • Бүйрек, қуық, қуық асты безінің, ұма және жыныс мүшесінің УДЗ;
  • Дәрігер-уролого оырндайтын урофлоуметрия (зәр шығару жылдамдығы).