Рак ауруларымен бүкіләлемдік күрес күні

4 ақпанда жыл сайын Рак ауруларымен бүкіләлемдік күрес күні атап өтіледі.
Оны осы жаһандық проблемаға әлем жұртшылығының назарын аударту үшін Ракқа қарсы халықаралық күрес одағы бекіткен.
Жыл сайын Рак ауруларымен бүкіләлемдік күрес күнінің өз тақырыбы бар. 2020 жылы ол «Мен бармын және мен боламын!» ұранымен өткізілетін болады.
Рак – бұл дененің кез келген бөлігін зақымдауы мүмкін 100-ден астам аурудың жалпы атауы. Кейде бұл ауруларды белгілеу үшін қатерлі ісіктер немесе жаңа құрылымдар секілді терминдер пайдаланылады.
Онкологтардың деректері бойынша, барлық дерлік ісіктер бастапқы кезеңде терапияға көнеді, 99% жағдайда оларды хирургиялық жолмен емдеуге болады. Сондықтан жүйелі түрде зерттеуден өтіп, онкологпен кеңескен маңызды.
«Қазақстан» шипажайының әкімшілігі барлығыңызға саулық және жақындарыңыз туралы қамқорлық жасауды тілейді!