Шипажай тұлғалары.

Біз бүгін сіздерді «Қазақстан» шипажайының аға мейірбикесі Ольга Васильевна Ермаковамен таныстырғымыз келеді.

Ольга Васильевна  2000 жылы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша колледжді тәмамдады. Ол 13 жыл барысында жұмыс істеген қалалық аурухананың көз хирургиясы бөлімінде оған түрлі хирургиялық араласулар барысында ассистент болуға тура келген болатын.

Ольга Васильевна, міне,  10 жыл шипажайлық-курорттық физиотерапиялық мейірбике болып жұмыс істеп келеді. 2018 жылдан бері «Қазақстан» шипажайында аға мейірбике лауазымын атқарады.  Қызметтік  борышы бойынша ол шипажайдың барлық процедуралары туралы біледі және олардың кез келгенін жасай алады.

2019 жылы «мейірбике ісін ұйымдастыру» және  «физиотерапия» бойынша біліктілігін арттырды, физиотерапия мамандыңы бойынша жоғарғы біліктілік санаты бар.  Жоғары кәсібилігі және өз ісіне белсенділікпен қарағаны үшін  2018 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының грамотасымен марапатталды.

«Құрметті қонақтар! Күз түсуіне орай, суық тию ауруларымен ауыру қауіпі ұлғаяды. Сондықтан, сақ болыңыздар, профилактика шараларын сақтаңыздыр. Қолдарыңызды үнемі жуып тұрыңыздар, тұрғын жайларды желдетіңіздер және тазалық сақтаңыздар. Көп адам бар жерлерден және ауыру адамдармен араласудан аулақ болыңыздар. Өз денсаулықтарыңызға және айналаңыздағылардың денсаулығына қамқор болыңыздар!»