МСК шипажайлары демалушыларды қайтадан қабылдауда.

Кавказ Минералды Сулары демалушыларды қайтадан қабылдауда.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде қолданыста болған шектеу шаралары бәсеңдегеннен кейін  Ставрополье шипажайлық-курорттық саладағы қызметін ұйымдастыруды жаңғыртты.

Әзірше қалалық бұқаралық шараларға рұқсат жоқ, Кавминсулары қонақтары маусымның басында ашылған парктер мен скверлерге еркін бара алады.

Ессентукиде мұндай жерлердің бірі Емдеу паркі, оның  200 жылдық тарихы бар. Көне ғимараттар мен құрылғылар оған бірегей тарихи колорит береді. , Таяуда ғана жаңартылған  Жеңіс Паркі –  сауықтыру серуендері мен демалыс үшін  тамаша орын.  Парк аумағы 40 гектарға жауық аумақты алады, онда көптеген өсімдіктер түрлері, оның ішінде планетаның  басқа бұрыштанырант әкелінген сиректері де бар. Барлық парк бойынша қолайлы серуендеу жолдары салынған, емдеу жолдары маршруттары – терренкурлар ұйымдастырылған.

Ессентуки курорттық аймағында велошеринг станциялары орналатырылған, бұл парк аймағы бойынша немесе қала көшелерімен серуендеу үшін өте қолайлы.

Курорттық маусымның  ашылуына қарай         фонтандар жұмысқа қосылды және курорт-қаланың инфрақұрылымы абаттандырылды.

Өңірде вирус таралуының алдын алу алу үшін енгізілген шектеулер біртіндеп алынып тасталуда. Ендігі жерде Кавказ Минералды Сулары өңірінің барлық курорт-қалалары бойынша еркін жүруге болады.

Сіздерді жуық арада біздің курортымызда асыға күтеміз!