Респираторлық ауырулар профилактикасы

Респираторлық ауырулар профилактикасының, сондай-ақ тыныс функцияларын қалпына келтірудің барынша тиімді әдістерінің  бірі ингаляциялар болып табылады. Олардың ішіндегі барынша танымалдары:

Шөптік ингаляциялар

Шөптермен ингаляциялар – бұл тыныс жолдарының созылмалы ауыруларымен күрестегі тиімді әдіс және жалпы иммунитетті нығайтудың әрекетті тәсілі болып табылады.

Процедура үшін  календула, түймедақ, шалфей тұнбалары пайдаланылады. Алынған аэрозольдің жарақат жазатын, зарарсыздандыратын және қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Минералды сумен ингаляциялар

Минералды су ингаляция құралы ретінде тыныс жолдары ауыруларын емдеу үшін бұрыннан пайдаланылады.

Өз қасиеттерінің арқасында табиғи көздер сулары залалданған  шырышты қабықшаларды қалпына келтіреді, қақырықты сұйылту жолымен шығу процесін жылдамдатады.

Минералды суды ингаляция үшін пайдалау нақты ережелерді сақтағанда қауіпсіз, аллергиялық реакцияларға әкеп соқтырмайды, үйреніп кетуге ұшыратпайды.

Дәрілік ингаляциялар

Дәрілік ингаляция әдісі кең қолданыста. Бұл процедура барысында ұсқа диспенсерлі аэрозольмен дәрілік құралдарды енгізу жүргізіледі, осылайша дәрілік құралдар бронх өкпе жүйесінің төменгі бөліміне енеді.

«Қазақстан» шипажайында  ингаляциялар ілесе жүретін патологиялар және демалушы ағзасының ағымдағы жағдайы ескеріле отырып, тағайындалады.

Мына телефон бойынша толық білуге және процедураға жазылуға болады 8 (87934) 99 367, ішкі: 1042 и 1060