Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

«Қазақстан» шипажайы баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

Бұл Ұлы мереке  – жасы мен ұлтына қарамастан, миллиондаған адамдарды біріктіреді. Осы күні біз жеңімпаздар буынына – Отанын өз өмірін құрбан етіп қорғағандарға, Ұлы Жеңіс үшін өмір сүріп, еңбек еткен адамдарға терең құрмет көрсетеміз.

Баршаңызға бақыт, зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен игілік тілейміз! Жеңіс пен ол туралы естелік әрқашан да бізбен бірге – біздің жүрегімізде, игі істеріміз бен бастамаларымызда болады!

Жеңіс құтты болсын!