Маусымаралық демалыс

Маусым ауысымы иммунитет төмендеуі мен өзін сезінудің нашарлауына жиі соқтырады.  Өз денсаулығына назар аударудың жақсы тәсілі – бұл шипажайға бару. Мұнда аурудың алдын алудың, иммунитет нығайтудың немесе диагностика алу және бар ауруларды емдеудің тамаша мүмкіндігі бар.

Демалыс және сауығу үшін маусымаралық кезеңді таңдау барысында шипажайда өз артықшылықтары бар:

  • емдеуді ыстық емес кезде бастау ұсынылады, өйткені бұл ағзаға жүктеме беру үшін ең қолайлы уақыт емес.
  • дәрігерлер маусымаралықты егер адам өзге табиғи аймақтан ұшып келген болса, минималды акклиматизация жағынан ұсынады.
  • жылдың осы мерзімінде бальнеологиялық процедураларды қабылдау, жаздағыдай пайдалы, өйткені табиғаттың емдік күштері қашан да бірдей тиімді.
  • белсенді, шулы демалысты қажет ететін демалушылар ағыны төмендейді және тыныш жағдайға басымдық беретін қонақтар жиналатын кезең келеді.
  • қазір бағалардың маусымдық төмендеуімен қатар, тартымды акциялар қолданылады.

Біз түрлі асқазан-ішек тракты, зат алмасу, тірек-қозғалыс, перифериялық жүйке жүйесі, созылмалы шаршау, ЛОР-органдар, урология, гинекология және басқа ілеспелі патологиялар ауруларының диагностикасына, профилактикасына және емдеуіне бағытталған  табиғи және емдеу факторлары пайдаланылатын процедуралардың толыққанды курсын ұсынамыз.

Шипажайдағы демалыс тек емдеу шараларымен шектелмейді. Ол демалушыларға жылдың кез келген уақытында ерекше сұлулығымен таң қалдыратын Сотүстік Кавказдың әйгілі табиғи көрнекті жерлеріне саяхаттар, экскурсиялар ұсынады.

«Қазақстан» шипажаййының жатын корпусы демалушыларға суық ауарайының қолайсыздықтарын болғызбауға мүмкіндік беретін медициналық бөліммен және бассейнмен жылы өтпе орыны арқылы жалғасқан. Аумақтың көп бөлігін жыл мезгілінің кез келген уақытында әдемі және күтімді көріністі саябақ алады.

Егер Сіз денсаулығыңызды қалпына келтіріп, иммунитетті нығайтып, жастық шағыңызды ұзартқыңыз келсе – «Қазақстан» шипажайына келіңіз!