Гирудотерапия

Гирудотерапия – бұл «Қазақстан» шипажайында қолданылатын түрлі ауруларды емдеудің танымал және тиімді әдістерінің бірі.

Бұл медикаментті емес әдіс уақыт сынағынан өткен – оны кезінде Гиппократ пен Авиценна да қолданған.  Гирудотерапияның емдік әсеріне үш еселік  ықпалдың  арқасында қол жеткізіледі:

Биохимиялық;

Механикалық;

Рефлекторлық.

Биохимиялық  ықпал.

Сүлік  жарақатқа қанның ұйуына кедергі жасайтын антимикробтық заттар мен арнайы фермент – гирудин бөледі. Бұл  фермент қанды сұйылтады, оттегі және нәрлі заттармен қамтамасыз етіп,  оған тінге жылдамырақ түсу мүмкіндігін береді.

Механикалық ықпал.

Сүлік бекітілген аймақтағы қан ағысы ұлғаяды. Қан мен лимфа жылдамырақ циркуляцияға  түседі, соның арқасында ісік қайтады, терінің серпінділігі мен бұлшықтың тонусы қалпына келеді. Гирудотерапияның бұл қасиеті косметологияда белсенді пайдаланылады. Тері тегіс, нәзік және серпінді болады. Целлюлит көрінімі де төмендейді.

Рефлекторлық ықпал.

Егер сүлік  биологиялық белсенді нүктеге бекітілсе – бұл қанмен жабдықтаудың  оқшаулы күшеюіне қол жеткізу мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ бұл нүкте жауап беретін органдар жағдайының жақсару мүмкіндігін де береді.

Гирудотерапия процедурасын шипажайда үлкен жұмыс өтілі бар жоғары білікті дәрігер-рефлексотерапевт жүргізеді.

Мына телефон бойынша толық білуге және процедураға жазылуға болады  8 (87934) 48510.