Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні

Қазақстан Республикасының  барлық азаматтарын Мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент Күнімен құттықтаймыз!

Тура осы  күні – 1 желтоқсанда ұлт Көшбасшысы — Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланған болатын. Елдің Тұңғыш Президенті тарихқа оның атымен егеменді Қазақстанның барлық жетістіктері байланысты адам ретінде, барлық атқарған ісі өз халқына, өз Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде мәңгілікке  кірді.