Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының негізгі заңына 25 жыл толды.

Конституцияны қабылдау Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуда үлкен роль атқарды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің елтаңбасы, туы және әнұраны секілді тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны. Ол әр азаматтың  құқықтары мен бостандығы сақталуының сенімді кепілі, сондай-ақ Республика табыстылығының кепілі  болып табылады. Сондықтан да әр азамат елдің бас заңын құрмет тұтып және сыйлап қана қоймай,  Конституция күнін басты ұлттық мерекелердің бірі ретінде атап өтеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының  барлық азаматтарын мерекемен құттықтаймыз! Ертеңге күнге әрқашан да сеніммен және оптимизммен қарауды, гүлдену мен жақсылық тілейміз!