«Хрусталь тамшы» акциясы

Демалысты жақсы бағамен үйлестіру – бұл, шамасы, жолдама брондап, билетке тапсырыс беріп, чемодан жинау үшін қажет ең үлкен көрсеткіш болар. Қысқы кезеңде жолдаманың тартымды бағасымен қатар, шипажайда «Хрусталь тамшы» акциясы қолданылады. Акация шеңберінде сіз 10% жеңілдік аласыз.
«Қазақстан» шипажайында қыста демалу жазғы демалыстан кем соқпайтынына өзіңіз көз жеткізіңіз!

«Хрусталь тамшы» акциясын қолдану шарттары:

2019 жылғы 16 желтоқсаннан бастап жасалатын броньдарға 2020 жылғы 8 қаңтардан бастап, 10 наурыз аралығын қоса алғандағы кезеңге барлық номерлер санаттарына және «Сауықтыру» жолдамасынан басқа жолдамалардың барлық түрлеріне 10% жеңілдік қолданылады.
Кез келген басқа арнайы акциялар мен арнайы ұсыныстар шеңберінде, егер арнайы акциялар шарттарында басқасы белгіленбесе, жеңілдіктерді қосындылауға жол берілмейді.
Жеңілдіктер қолданысы жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, оның ішінде шипажайдың комиссиялық сыйақы төлеуге негізделген шарттық қатынастары барларына да таратылады. «Хрусталь тамшы» акциясы шеңберінде кіру «Тұрақты қонақ» акциясы бойынша жеңілдіктер алу үшін келесі акциялар барысында ескерілетін болады.
Акция бойынша жеңілдіктер қосымша орындарға Тұтынушыларды орналастыруға (ересектер және балалар үшін) таратылады.
Шипажай кез келген сәтте «Хрусталь тамшы» акциясы қолданысын тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.