16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Біздің шипажай ұжымы барлық қонақтар мен Қазақстан Республикасының азаматтарын басты ұлттық мереке – Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды!

Бұл күн мемлекет бостандығы мен қуатының нышаны деп саналады. Шағын тарихи кезең ішінде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық жағынан тәуелсіз мемлекет құруға қол жеткізді.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, игілік және гүлдену, ел игілігі үшін ұлы жетістіктер мен бейбіт көк аспан тілейміз!