«Ерте брондау» бағдарламасы

Ерте брондау/шипажайлық-курорттық жолдамалар сатып алған жағдайда (оның ішінде, шипажайлық-курорттық емдеудің мамандандырылған бағдарламалары бойынша) кіру мерзімінен 60 –тан 120 күнге дейін кезең үшін қолданыстағы прейскуранттар бойынша жолдама құнынан  10%  мөлшерінде жеңілдік беріледі, кіру күнінен 120 күннен артық болса, қолданыстағы прейскуранттар бойынша жолдама құнынан  20%  мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Жеңілдік Тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты,  Шипажайда болатын күн саны көрсетіле отырып, кіретін күні көрсетілген жағдайда беріледі. Тегін, атын, әкесінің атын, кіретін күнін  ауыстыруға жол берілмейді немесе бұл брондаудың жойылуын білдіреді.

«Ерте брондау» бағдарламасы бойынша 100% мөлшеріндегі алдын ала төлем берілген шотқа сәйкес, шот берілген сәттен бастап, 10 күнтізбелік күн ішінде ақша қаражатын Шипажайдың есеп шотына аудару немесе қолма-қол ақшаны Шипажайдың кассасына түсіру жолымен іске асырылады. Шипажай ұсынған шот бойынша мезгілімен төлемақы жасалмаған жағдайда, аталған бағдарлама шеңберінде жеңілдік берілмейді.

25.12.2019-  10.01.2020 кезеңіндегі кірулерге акция қолданылмайды!

Брондаудың күшін жою шарттары:
1. Берілген шот төленгенге дейін бронь тегін күшін жояды.
2. «Ерте брондау» бағдарламасы  шеңберінде төлемақыдан соң мәлімделген брондау жойылған жағдайда, айып санкциялары есептеледі:
жолдамадан кіру күніне дейін 14 және одан да артық күн барысында бас тартылған жағдайда –  жолдама құнынан 5%;
жолдамадан кіру күніне дейін 14  күннен кем уақытта бас тартқан – жолдама құнынан 10 %.

 

«Ерте брондау» бағдарламасына Шипажай жүргізетін басқа арнайы ұсыныстар мен акциялар таратылмайды.

«Ерте брондау» бағдарламасы Сауықтыру жолдамалары бойынша кірулерге таратылмайды.

«Ерте брондау» бағдарламасы шипажайдың ресми сайтында онлайн-брондау жүйесі арқылы немесе тікелей брондау бөлімінде  шипажайлық-курорттық жолдама брондаған/сатып алған Тұтынушылар үшін қолданылады. «Қазақстан» шипажайымен  комиссиялық сыйақы төлеуге негізделген шарттық қатынастары  (оның ішінде ЗТ-мен арнайы бағалар бойынша жасалған агенттік шарт, комиссия шарты, шарт) бар туристік агенттіктер мен басқа заңды тұлғаларға  жеңілдік берілмейді.

«Ерте брондау» бағдарламасы бойынша жеңілдік Тұтынушыларды қосымша орындарға орналастыруға таратылады.

«Ерте брондау» бағдарламасы шеңберіндегі жеңілдіктер беру шарттары мен жеңілдіктер мөлшерлері өзгертілуі мүмкін. Өзгертулер туралы барлық ақпарат Шипажайдың ресми сайтында орналастырылады.
Шипажай «Ерте брондау» бағдарламасы  қолданысын кез келген сәтте тоқтату құқығын өзіне қалдырады.