«Қазақстан» шипажайына қош келдіңіз!

«Қазақстан» шипажайындағы демалыс және сауықтыру — бұл тұрудың, қызмет көрсетудің және КМС курорттарындағы заманауи медщициналық әдістердің жоғарғы деңгейдегі үйлесімі.

Шипажай Ресейдің Кавказ Минералды Сулары тобына кіретін аса ірі және ең танымал бальнеологиялық және балшықты курорты —  Ессентуки қаласының  орталығында орналасқан.

Курорттың емдеу факторларының ішінде әлемге танымал хлоридті-гидрокарбонатты натрийлі ішуга арналған суларының жетекші маңызы бар. Бұл «Ессентуки-4», «Ессентуки-17» және «Ессентуки-Новая».

Тамбукан көлінің сульфидті-тұнбалы балшығының емдік факторының да мәні кем түспейді.  Бұл көлдің балшығы жоғары минералданған, аса сульфидті болып табылады. Өзінің құрамы бойынша ол Өлі теңіз балшығына жақын, бірақ одан органикалық заттар  құрамы бойынша артық.

Аумағы.

«Қазақстан» шипажайы 7,7 га аумақта орналасқан және бір мезетте   186 демалушыны қаьбылдай алады. Шипажайдың бес қабатты  жатын корпусы сауықтыру-диагностикалық кешенмен жылы өту орындары арқылы қосылған.  Емдеу және жатын корпустарды фонтаны бар парк, жаппалар мен терренкур жолдары қоршаған.

Шипажайдың неомерлері мен холлдарының үйлесімді интерьерлері,  номеров и холлов санатория, абатталған аумақ, курорттық қаладағы тыныштық емделу және демалыс үшін қажет жағдайларды жасайды.

Сервис.

  • Шаштараз
  • Лобби бар
  • Балалар бөлмесі
  • Косметолог қызметі
  • Кір жуу орыны
  • «Оятқыш» қызметі
  • Банкомат
  • Қызметтерді банк караталарымен төлеу
  • Сымсыз Интернет (WI-FI)
  • Таксиге тапсырыс
  • Трансфер
  • Күзетілетін автотұрақ
  • Экскурсиялық  бюро
  • Спорт мүліктерін жалға алу
  • Велосипед жалға алу

Демалушылардың болуы қауіпсіздігін тәулік бойғы күзет қызметі, бейне бақылау жүйесі, өрт дабылы және хабарлау жүйесі, сондай-ақ медициналық постың тәулік бойғы жұмысы қамтамасыз етеді.

Орналастыру.

Қонақтарға қызмет көрсетуге қолайлы демалыс үшін жабдықталған барлық қажет заттармен жасақталған  түрлі санаттағы  111 жайлы номерлер ұсынылады:

1-санатты бір бөлмелі номерлер

Екі бөлмелі люкс

Үш  бөлмелі люкс

Төрт бөлмелі сюит

«Президенттік» сюит

 

Номерлердің балкондарынан шипажай аумағының ғажап әдемі ландшафы көрініс береді.

Номерлердің жасақталуы:

  • WI-FI Кабельді телевидение
  • Телефон
  • Жалпы кондиционерлеу жүйесі
  • Тоңазытқыш
  • Электр шәйнек
  • Сейф
  • Фен
  • Тәпішкелер
  • Халаттар
  • Мини парфюмерия жиыны

 

Емдеу.

Емдеудің жекеше сипаты – біздің медициналық және емдеу-сауқтыру қызметтеріміздің басты  ерекшелігі. Біз әр пациенттің ауырулары мен медициналық көрсетілімдерінің  ерекшелігін толық ескеретін тиімді оңалту және емдеу-сауықтыру бағдарламаларын ұсынамыз. Шипажайлық-курорттық емдеу: ас қорыту, зат алмасу, қан айналымы жүйесі, жүйке, сүйек-бұлшық және несеп-жыныс жүйесі, тыныс органдары, тамақтанудың бұзылуы және т.б. қоса алғандағы түрлі бейіндер бойынша табиғи, климаттық және басқа емдеу факторларын пайдалана отырып, іске асырылады.

Сарапшылық кластағы заманауи медициналық жабдықпен жасақталуы диагностика мен емдеуді әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.  Демалушылардың денсаулығы туралы жоғары білікті медициналық персонал қамқорлық жасайды.

Шипажайда мына мамандар қабылдау жүргізеді:

  • дәрігер-терапевт
  • дәрігер-эндокринолог
  • дәрігер-гастроэнтеролог
  • дәрігер  акушер-гинеколог
  • дәрігер-уролог
  • дәрігер-невролог
  • дәрігер-кардиолог
  • дәрігер-физиотерапевт
  • дәрігер-пульмонолог
  • медициналық психолог
  • ультрадыбыстық  диагностика дәрігері
  • дәрігер-эндоскопист
  • дәрігер-педиатр
  • ЛОР- дәрігер
  • функционалдық  диагностика дәрігері
  • дәрігер-зертханашы
  • дәрігер-стоматолог
  • дәрігер-гирудотерапевт
  • дәрігер-диетолог
  • ЕФК нұсқаушы-әдіскері

Медициналық қызметтер сапасы үнемі жетілдіріледі, шипажайлық-курорттық  емдеудің жаңа әдістерін дамыту жоспарлануда.

 

Қолданылатын емдеу әдістері:

  • физиотерапия (жалпы және жеке)
  • бальне емдеу
  • балшықпен емдеу
  • гирудотерапия
  • ішек  процедуралары
  • галотерапия
  • озондық терапия
  • ингаляциялық терапия
  • гидропатия
  • емдік  физкультура
  • гинекологиялық  және урологиялық суландыру
  • басты, бетті, қызыл иекті сулау
  • классикалық массаж
  • психологяилық терапия
  • табиғи терапия

Шипажай негізінде медициналық білім алуға болады:

  • зертханалық зерттеулер: клиникалық, биохимиялық,  ИФА-диагностика
  • барлық органдар мен жүйелердің ультрадыбыстық  диагностикасы
  • кардиологиялық диагностика (ЭКГ, холтерлік мониторлау,  күретамыр және аяқ тамырларының доплерографиясы)
  • эндоскопикалық зерттеулер (РРС, ФГДС, колоноскопия, сигмоскопия)
  • маман дәрігерлердің консультациялары

Бұл жердің климаттық жағдайы мен ғажайып табиғи байлығы емдеу және ағзаның жалпы жағдайын нығайту үшін барынша оптималды факторлар бірлігін қамтамасыз етеді. Әдетте, бұл қаланы өз денсаулығына немқұрайды қарамайтын, ауыруларынан емделгісі және олардың жан жақты профилактикасын қамтамасыз ететін адамдар үшін өз демалысын өткізу орыны етіп белгілейді.

 

Тамақтану:

Шипажайлық-курорттық емдеудегі негізгі орындардың бірі дұрыс тамақтану көмегімен денсаулық сақтау.  Шипажайдың түскі ас залында  «ас мәзірі-тапсырыс беру» нысанындағы үш реттік тамақтану  ұсынылады, бұл әрбір демалушыға жеке тұрғы табуға мүмкіндік береді.  Ас мәзірі рационында  маусымдық жеміс-жидектер барынша пайдаланылады.

Шипажайда алиментарлы тәуелділік (екінші типті қант  диабеті, 4-деңгейлі семіздік, 1-деңгейлі гипотрафия,  метаболикалық бұзылушылықтар, гиперхолестеринемия) барысында  дәрігер-диетолог ұсынған вегетариандық ас мәзірі әзірленген.

Демалушыларға білікті аспаздар қызмет көрсетуге дайын. Олардың қолымен әзірленген тағамдар барлық тағамдар  – бұл әрдайым дәмді ғана емес, пайдалы да.

Спорт және демалыс

Белсенді демалуға дағдыланғандар үшін тренажерлары бар спорт залы, волейбол, баскетбол, гандбол, бадминтон, мини-футбол ойнау үшін  жазғы спорт алаңдары,  теннистік корт, сондай-ақ қазақ киіз үйі  стиліндегі домалақ формадағы жеке ғимаратқа орналасқан  тамаша жабық  бассейн жұмыс істейді. Арнайы жабдық бассейнге мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кіру мүмкіндігін береді.

Ессентукидегі демалыстан өзге біз ерекше көркімен ерекшеленетін және заңдылықты түрде  Ресейдің жеті ғаламаты қатарына кіруге  үміттенетін Солтүстік Кавказдың табиғи көрікті орындары бойынша  қызықты және танымдық экскурсиялар ұсынамыз.